Қазақстан жаңалықтары

ҚР Премьер-Министрі қазақстандық қоғамның иммун тапшылығы вирусымен өмір сүретін адамдарға деген көзқарасын жақсарту керектігін айтты

ҚР Премьер-Министрі қазақстандық қоғамның иммун тапшылығы вирусымен өмір сүретін адамдарға деген көзқарасын жақсарту керектігін айтты. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды.

“Өткен жылы елімізде иммун тапшылығы вирусымен ауыратын науқастарға қатысты әлеуметтік жобаларға тек 7 үкіметтік емес ұйым тартылды. Бұл өте аз. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі үкіметтік емес ұйымдарды жұқтырғандармен және тәуекел топтарымен жұмыс істеуге тарту үшін әкімдіктермен бірлесіп әлеуметтік гранттар мен тапсырыстар санын кеңейтуі қажет”, – деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр адамдардың осы ауру, жұқтыру жолдары мен асқынулар туралы хабардар болуын арттыру қажет екенін атап өтті.