Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмірін жақсартуға бағытталған ұлттық жоспарды бекіту жоспарлануда

Қазақстанда мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмірін жақсартуға бағытталған ұлттық жоспарды бекіту жоспарлануда.

Жоспарға балалар  скринингін кеңейту, оңалту көмегінің үздіксіздігін қамтамасыз ету, статистикалық деректерді жинау, заманауи протездерді ұсыну, оңалту орталықтарын дамыту және т.б.  бірқатар шаралар кіреді. Ол сондай-ақ ерекше қолдауға мұқтаж азаматтарды анықтау критерийлерін жаңартуды және арнаулы әлеуметтік қызметтер тізімін қалыптастыруды көздейді. Бұйрықтың жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды және 9 маусымға дейін жария талқылауда.