Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п. т. дәлізімен жылдық 16,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п. т. дәлізімен жылдық 16,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.

Шешім жаңартылған болжамдарға, деректерді талдауға және инфляция қаупін бағалауға негізделген. Тұрақты фискалдық ынталандыру, тұрақты ішкі сұраныс ал жоғары инфляциялық күтулер инфляциялық қысымның факторлары болып табылады. Алайда, сыртқы инфляцияның әлсіреуі елдегі инфляцияны бәсеңдетуге қолайлы жағдай туғызады.

Инфляция болжамы жаңартылды және ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында базалық мөлшерлеменің біртіндеп төмендеуі күтілуде. Комитет шешімі туралы мәліметтер 2023 жылдың 5 шілдесінде жарияланады.