Спорт

Солтүстікқазақстандықтар республикалық чемпионатта сәтті өнер көрсетті

Наурыздың 16-сы мен 22-сі аралығында жастар арасында батут гимнастикасынан республикалық чемпионат өтті. Алматы қаласында өткен жарысқа облысымыздан 9 спортшы қатысып, өңірге олжалы оралды. Теріскейліктер акробатикалық жолда секіру сайысынан 2-орынды қанжығаға байлады. Сонымен қатар, 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль иеленді. Қазір солтүстікқазақстандықтар “Ертіс таңы” атты додаға дайындалу үстінде. Халықаралық турнир маусым айының соңында Павлодар қаласында өтеді.

 

Аснурия Абдула