Қазақстан жаңалықтары

“Қазақстанның Даму Банкі” АҚ мен Қытайдың Мемлекеттік Даму Банкі 300 млн АҚШ доллары сомасына бас кредиттік келісім жасасты

“Қазақстанның Даму Банкі” АҚ мен Қытайдың Мемлекеттік Даму Банкі 300 млн АҚШ доллары сомасына бас кредиттік келісім жасасты.

Келісімге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары аясында қол қойылды. Екі тарап соңғы жылдары Қазақстандағы маңызды инвестициялық жобаларды қаржыландыруға алып келген ынтымақтастыққа қанағаттанушылықтарын білдірді. Кредиттік қаражат Қазақстан экономикасының түрлі салаларындағы, соның ішінде химиялық, энергетика, көлік, құрылыс және ауыл шаруашылығы, тау-кен өндірудегі жобаларды қаржыландыру үшін пайдаланылатын болады.

Кредит желісі АҚШ долларымен ашық және Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға ықпал ететін жобаларға басымдық берілетін болады.