Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан Үкіметі мен Еуропалық Одақ арасында “ЕО-Қазақстан ынтымақтастығының тетігі” қаржылық келісімге қол қойылды

Қазақстан Үкіметі мен Еуропалық Одақ арасында “ЕО-Қазақстан ынтымақтастығының тетігі” қаржылық келісімге қол қойылды.

Салтанатты шара Алматыда “Еуропалық Одақ-Орталық Азия” экономикалық форумы аясында өтті. Салтанатты рәсімге ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Еурокомиссияның атқарушы вице-президенті Валдис Домбровскис қатысты. Талқылауға сауда, өндіріс және жасыл энергетикадағы ынтымақтастық және көлік бағыттарын дамыту кірді. Сонымен қатар, Еуропалық Одақ экономикалық өсу мен құқықтың үстемдігін қолдау үшін 9 миллион еуро бөледі.

Құжатқа қол қойылғаннан кейін ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Еурокомиссияның атқарушы вице-президенті Валдис Домбровскис

2023-2024 жылдарға арналған ЕО-Қазақстан стратегиялық серіктестігі бойынша тұрақты шикізат, батареялар және “жасыл” сутектің құндық тізбектері саласында  Жол картасымен алмасты