Спорт

Әйелдер арасында бокстан жазғы спартакиада мәресіне жетті

Облыс орталығында әйелдер арасында бокстан өткен 6-шы жазғы спартакиада өз мәресіне жетті. Республикалық біріншілікке еліміздің 16 өңірінен 80 спортшы қатысты. Өңірімізде мұндай жарыс алғаш рет өткізілді. Түрлі салмақ дәрежесінде 1-ші орындарды негізінен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан келген спортшылар иеленді. Ал алтын медальді солтүстікқазақстандық Наталья Богданова алды. Жеңіске жеткен спортшылар осы күзде Қытайда өтетін Азия ойындарында бақ сынайды.

 

Гульден Симбаева