Қазақстан жаңалықтары

Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысы Үкіметте өтті

Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысы Үкіметте өтті.

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар басшылары  салалық ұйымдар, жоғары оқу орындары және Парламент депутаттары қатысуымен Үкімет жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысын өткізді.

Қатысушылар 2024-2026 жылдарға арналған ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындау, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша ғылыми-техникалық тапсырмаларды жүргізу мәселелерін талқылады.

Бұдан басқа, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру жоспарлары қаралды.