Қазақстан жаңалықтары

“QazaqGaz” ҰК ” АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов пен CNPC Директорлар кеңесінің төрағасы Дай Хоулян ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары кезінде “QazaqGaz” ҰК ” АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов пен CNPC Директорлар кеңесінің төрағасы Дай Хоулян ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Келісім компанияларға табиғи газ жеткізу және геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, “Бейнеу-Бозой-Шымкент” газ құбырының екінші желісін салу және газ өнеркәсібінде технологиялық инновацияларды әзірлеуде тәжірибе алмасу жоспарлануда.