СпортҚоғам

Есірткіге қарсы челлендж

Есірткіге қарсы күрес. Полицейлер жастар арасында есірткіге қарсы челлендж өткізуді қолға алды. Мамандар шараны бірінші болып Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің жастарына өткізді. Спорттық шараға 1-ші курс студенттері қатысты. 70 жас қашықтыққа жүгірді. “Динамо” стадионында қыздар 500 метрді бағындырса, жігіттер жағы одан екі есе көп аралыққа жүгірді. Колледж студенттері бұл челленджді облыстық спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының жастарына жолдады.

 

Гульден Симбаева