Қазақстан жаңалықтары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Сапар аясында Мемлекет басшысы ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізеді, оның барысында стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық салалардағы және энергетикадағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету  мәселелері қаралатын болады.

Президент ірі қытайлық компаниялардың басшыларымен кездесіп, мемлекеттік сапар бағдарламасы аясында бірқатар іс-шаралар өткізеді, сондай-ақ Сиань қаласының құрғақ портында Қазақстанның логистикалық орталығының құрылысын іске қосу рәсіміне қатысады.

Мемлекет басшысы “Орталық Азия – Қытай” саммитіне қатысады. Сондай-ақ, ҚР-ның Сиандағы Бас консулдығының салтанатты ашылуына қатысу жоспарлануда.