Экономика және қаржыҚоғам

3 мыңға жуық адам грант алып, кәсіпкер атана алады

Кәсіпкерлік саласына ойысайық! Елімізде 3 мыңға жуық адамға грант беру жоспарланып отыр. Ол үшін business.enbek.kz порталына кіріп, өтінім жолдау қажет. Науқан мамырдың 15-і күні бастау алды. Грант сомасы 400 АЕК-ті құрайды, яғни 1 млн теңгеден асады. Қатысушы мемлекеттік көмекті тек бір рет алады. Ескерер жайт, қолдау арнайы комиссияның шешімімен жұмыссыздарға және жеке кәсіпкерлерге көрсетіледі. Талап бойынша аударылған қаржыға тек кәсіпке қажетті құрал-жабдықтар сатып алынуы тиіс.

 

Гульден Симбаева