Құқық қорғау органдары

Облыстың прокуроры тағайындалды

Бүгін СҚО-ның прокуроры болып Қайрат Әбдіханов тағайындалды. Ол бұған дейін Павлодар облысының прокуроры болған. Қайрат Әбдіханов 1972 жылдың 16-шы мамырында Алматы облысының Талғар ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын сол аудан прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған. Әр жылдары бірқатар жауапты басшылық лауазымдарда қызмет еткен. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.

 

Гульден Симбаева