Қазақстан жаңалықтары

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Әкімшілік-аумақтық бірліктерді қайта атау кезінде тиісті аумақ халқының пікірін есепке алу қағидаларын әзірледі

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Әкімшілік-аумақтық бірліктерді қайта атау кезінде тиісті аумақ халқының пікірін есепке алу қағидаларын әзірледі.

Тиісті құжат Ашық НҚА порталында орналастырылған.

Құжатта елді мекендер мен көшелерді қайта атау кезінде халықтың пікірін есепке алуды әкімдіктер ұйымдастырады және мәслихаттың қарауына енгізеді делінген. Пікірлерді есепке алу жергілікті қоғамдастық жиналыстарын өткізу арқылы жүргізіледі. Дауыс беру қорытындылары жиналыс өтетін жерде жарияланады және хаттамамен ресімделеді.

Құжат 29 мамырға дейін қоғамдық талқылауда.