Мәдениет

Айыртаудан жеткізілген жылжымалы көрме

Биыл қазақ әйелдерінен шыққан қоғам қайраткері Айғаным Сарғалдаққызының туғанына 240 жыл толмақ. Осыған орай Петропавлға Ш.Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық музейінен жылжымалы көрме жеткізілді. Мына залға 30-дан астам жәдігер қойылған. Ең алғаш көзге түсетіні – қасиетті мекендегі Айғаным қонысының макеті.

УӘЛИХАН ҚҰЛБАЕВ, Ш. Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық музейінің директоры, Айыртау ауданы:1824-ші жылдары Көкшетау округі ашылған. Содан кейін казактар келіп, осы қонысты салған. Құрылысқа Александр патша 5 мың рубль бөлген.

Жәдігерлердің барлығы өткен күннен сыр шертеді. Айғаным Сарғалдаққызының мына қамзолы қаз-қалпында сақталыпты. Ол жайлы келушілер қазақ тілінде де, орыс тілінде де ақпарат алуға тырысты.

Абылай ханның келіні жайлы мына залда да көп айтылды. Алдынғы толқын Шоқандай ұлды тәрбиелеген тарихи тұлғанын өміржолына, жеке қасиеттеріне кеңінен тоқталды.

Ардагер ұстаз Қымбат Исманова сұхбатын осылай бастады. Ақжаулықты ана өнегеге толы шараларға жастардың көп қатысқанын қалайды. Мұндай жиындар тарихты тануға, құрметтеуге үйретеді.

ҚЫМБАТ ИСМАНОВА, ардагер ұстаз:

– Айғаным – қазақ халқының мақтанышы. Бәрімізге үлгі. Айғаным – көрікті әрі ақылды адам болған.

Айғаным Сарғалдаққызының 240 жылдығына арналған жиында ән шырқалды. Дәстүрлі әнші Біржан Есжан Кәкімбек Салықовтың “Аққан жұлдыз” туындысын шырқады.

Бұрын тарихы тереңде жеткен Сырымбетке туристер көп келіпті. Адамдарды тасымалдау бойынша мұндағы музей бірнеше компаниямен шартқа да отырған екен. Өкінішке қарай, қазір келушілердің саны азайған. Басты мәселе – жолдың нашарлығы. Проблеманың көп ұзамай шешілетініне сенетін айыртаулықтар қоныс аумағында құрылыс жұмыстарын жүргізбек ниетте.

УӘЛИХАН ҚҰЛБАЕВ, Ш. Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық музейінің директоры, Айыртау ауданы

– Халық келеді, оқушылар келеді. Бізге қонақүй керек. 2 үй бар. Жобалық-сметалық құжаттарын дайындап қойдық. Әрмен қарай тұрғызу керек. Қаржы бөлінсе, үйлер салынады. Әрмен қарай дами түсеміз.

Шара соңында “Абылай хан резиденциясы” мен Ш. Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық музейі арасында өзара әріптестік жөнінде меморандумға қол қойылды.

 

Байболат Култанов