Аптадағы маңызды жаңалықтарТКШ

ТҮКШ инфрақұрылымын жаңғырту

Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штаб отырысы өтті. Премьер-Министр Әлихан Смайылов төрағалық еткен жиында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын кешенді жаңғырту мәселелері талқыланды. Келешекте Қазақстанда «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы енгізілмек. Сол арқылы республика бойынша электр, жылу, сумен жабдықтау және су тарту желілерінің тозуы төмендемек. Алайда, бұл бағыттағы шаруа сылбыр жүргізіліп жатқанға ұқсайды. Мұны Үкімет басшысы сынға алды. Әлихан Смайылов жауапты тұлғаларға тапсырма бере келе сұраныс қатаң болатынын ескертті.

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ, ҚР Премьер-Министрі:

– Бұл процесті созбалаңға салуға болмайды. Желілер мен станцияларды күрделі жөндеу жұмыстарын жедел бастау маңызды. Бұл – кезек күттірмейтін міндет. Әсіресе, бұл – құрылыс маусымы қысқа және жылу беру кезеңі ерте басталатын солтүстік өңірлер үшін өзекті мәселе.

 

Байболат Култанов