Қоғам

Қос бағдарлама аясында тұрғындарға 6700-ден астам ипотекалық несие беріледі

Биыл тұрғындарға “Бақытты отбасы” және “Шаңырақ” бағдарламалары аясында тұрғын үй несиесі беріледі. Қос жобаға 72 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Нақтырақ айтсақ, 2023 жылы “Бақытты отбасы” тұрғын үй жобасы аясында 32,2 млрд теңгеге – 3176, ал “Шаңырақпен” 39,7 млрд теңгеге 3610 ипотекалық несие беру жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді. Қос жоба аясында көпбалалы отбасыларға, 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектерге, жетім балаларға 2 пайыздық жарна бойынша, кезекте тұрғандардың қалған санаттарына 5 пайыздық жарна бойынша несие беру қарастырылған.

 

Гульден Симбаева