Спорт

3 ұпай қоржынға түсті

Шығарылымды спорт жаңалығымен тәмамдаймыз! Сенбі-жексенбі күндері футболдан премьер-лига командалары арасында кезекті тур ойындары өтті. Бұл жолы петропавлдық “Қызылжар” талдықорғандық “Жетісуды” қабылдады. “Жастар” стадионында ұйымдастырылған матч 1 де 0 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді. Кездесудегі жалғыз голды 72-ші минутта шабуылшы Максим Чиканчи соқты. Маңызды жеңістен кейін теріскейліктер бірінші орынға қайта көтерілді. “Қызылжар” келесі ойынды мамырдың 17-сі күні сырт алаңда өткізеді. Біздің жігіттер Қазақстан Кубогі аясында шымкенттік “Ордабасымен” күш сынаспақ.

 

Байболат Култанов