Білім

Аудандық арнайы (түзету) мектеп-интернаты қажетті жабдықпен жабдықталды

Ғабит Мүсірепов ауданындағы Ломоносов арнайы (түзету) мектеп-интернаты қажетті дүниелермен қамтамасыз етілді. Материалдық-техникалық жабдықтар “Қазақстан халқына” қоғамдық қорынан бағытталған қаржыға сатып алынды. Қайырымдылық көмектің көлемі 13 млн теңгені құрайды. Қазіргі уақытта мектепте 58 тәлім-тәрбие алады. Жастарға 33 ұстаз білім береді.

НАТАЛЬЯ АХМАДУЛЛИНА, Ломоносов арнайы (түзету) мектеп-интернатының директоры, Ғ.Мүсірепов ауданы:

– Ағаш ұстасы кабинеті, математика, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау кабинеттері жабдықталды. Балалар жаңа әрі заманауи дүниелерді қолданудың нәтижесінде дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алады.

 

Гульден Симбаева