ТЖ

Петропавлда төтенше жағдай режимі жарияланды

Петропавлда жергілікті масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды. Мұндай шешім Берекеде болған өртке байланысты шығарылды. Бұл зардап шеккендерге келген шығынды ҚР заңнамасы шеңберінде қысқа мерзімде өтеуге мүмкіндік береді. Материалдық шығын тәуелсіз сарапшылардың бағалауына сәйкес өтеледі. Естеріңізге сала кетейік, 7-ші мамырда Сенная көшесіндегі ашық алаңда қамыс өртенген болатын. Тілсіз жаудың салдарынан 9 жеке тұрғын үй өртеніп, тағы 2 үйге зақым келді.

 

Гульден Симбаева