Экология

Заңсыз құс аулаған 4 қала тұрғыны ұсталды

Аққайың ауданында атылған 31 дала үйрегі табылды. Экология және табиғат ресурстары министрлігінің мәліметіне сүйенсек заңсыз аңшылық фактісі Шағалалытеңіз көлінің маңында тіркелген. Арнайы жүргізілген рейд барысында мемлекеттік инспекторлар 4 қала тұрғынын құрықтады. Біреуі – полиция қызметкері. Ұсталған теріскейліктердің бірде-біреуінде құжаттар мен арнайы рұқсат қағаздары болмаған. Олардан моторлы қайық пен 12 калибрлі мылтық тәркіленді. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 800 мың теңгені құрайды. Тергеп-тексеру жұмысынан кейін жаза тағайындалады.

 

Алдияр Айтпаев