Экономика және қаржы

Шағын бизнес субъектілері банктерден 6 трлн теңге кредит алған

Банктерден несие алатын кәсіпкерлердің саны өсіп келеді. Бұл жайлы LS агенттігі хабарлады. Мәселен, 1 сәуірдегі жағдай бойынша шағын және ірі бизнес субъектілері қаржы ұйымдарынан 11,5 трлн теңге қарыз алған. Ал өткен жылы осы мерзімде бұл көрсеткіш 8,8 трлн теңгені құрапты. Яғни, 30,7% өсім бар. Қаржының 4,7 трлн-ы – шағын, 4,9 трлн-ы – ірі, қалғаны орта бизнеске беріліпті. Банктерден несие алу көрсеткіші бойынша Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысының кәсіпкерлері көш басында. Тізімді Ұлытау мен Түркістан облыстары тұйықтап тұр. Қомақты қаражаттың көп бөлігі өнеркәсіп пен саудаға бағытталыпты.

 

Алдияр Айтпаев