Қоғам

“Ұранды ердің-ұрпағы қайсар” концерті

Петропавлда Отан қорғаушылар күні бар сән-салтанатымен аталып өтті. Мереке әдеттегідей орталық алаңда ұйымдастырылды. Концерттік бағдарламаның шымылдығын жүргізушілер ашты. «Ұранды ердің-ұрпағы қайсар» атты шарада әскери оркестр ғана емес, қаламыздың күміс көмей әншілері де өнер көрсетті.

МҰХАМЕДАЛИ ИСПАНОВ, қалалық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі:

– Еліміздің батырларын ұлықтау үшін іс-шаралар өткізіліп жатыр. Саханада өнерпаздарымыз өнер көрсетуде. Бұл – қалалықтарға тартуымыз. Бұндай концерттер жыл сайын ұйымдастырылады.

ҰҰ академиясы әскери оркестрдің сүйемелдеуімен біраз ән шырқалды. Солистері Ардақ Айтжанов пен Мұрат Ибраев “Әке толғау”, “Мен қазақпын”, “Әкенің хаты” туындыларын орындады. Шараға ұйымдастырушылық жақтан 50-ге жуық адам ат салысты. Жиналған қауым құлақ құрышын қандыратын әндерді ұйып тыңдауда. Сондай-ақ, қала тұрғындары ерлер қауымын Отан қорғаушылар мерекесімен құттықтады.

– Еліміз үшін өте маңызды мереке. Бүгінгі концерт өте қызықты өтіп жатыр. Келіп жеткен мерекемен құттықтаймын!
– Ерлер – біздің қорғанымыз. Ер азаматтарымыз аман болсын. Елде әрқашан бейбітшілік болсын.

 

Гульден Симбаева