Қоғам

Облыс орталығында «Мир на Земле» атты акция бастау алды

«Мир на Земле». Облыс орталығында осындай атаумен Жеңіс күніне арналған акция бастау алды. Оның шарты қарапайым: Петропавлдың белсенді жастары отты жылдардан сыр шертетін ескерткіш жанында соғыс туралы ән орындап, бейнероликтерін әлеуметтік желіге жүктеу керек. Шараға алғаш болып Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенті Анжела Щербинина қатысты. Бойжеткен «Мәңгілік алау» жанында «Баллада о солдатской матери» әнін орындады.

 

Самал Жунусова