Қазақстан жаңалықтары

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады.

Президентке оның тапсырмаларының орындалуы, ағымдағы жылдың басынан бастап ведомство қызметінің негізгі қорытындылары және алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы ақпарат берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ҰҚК бірнеше террористік қылмыстардың алдын алғаны туралы баяндалды, терроризмге қарсы іс-қимыл және барлау қызметі мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша жаттығулар өткізді. Сондай-ақ, шекараны қорғау және маңызды инфрақұрылымды кибершабуылдардан қорғау жұмыстары туралы ақпарат берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.