Аптадағы маңызды жаңалықтарҚоғам

Жаңа әлеуметтік кодекс күшіне енеді

Биылдан бастап елімізде жаңа әлеуметтік кодекс күшіне енеді.
Бұл азаматтардың базалық әлеуметтік құқықтарын белгілейтін аса маңызды құжат болмақ. Бүгін Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің облыстық департаментінде жаңа әлеуметтік кодекстің мазмұны мен нормалары жайлы баяндалды.

ГҮЛБАҚЫТ МАНАБАЕВА, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары:

– Әлеуметтік кодекс осы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енетін болады. Жалпы, әлеуметтік кодекс әлеуметтік саладағы барлық заңнамаларды біріктіретін болады. Бұл азаматтардың әлеуметтік заңнамаларды түсінуін жеңілдетеді. Әлеуметтік кодекс азаматтарды өмір бойы, яғни туғаннан бастап зейнетке шыққанға дейін заңмен реттелетін болады. Онда әлеуметтік кепілдіктер, әлеуметтік қолдау шаралары барлығы сақталған.

Сонымен қатар, жиында зейнетақы жүйесі жайлы талқыланды. Гүлбақыт Манабаеваның айтуынша, азаматтарды 3 категорияға бөлуге болады.

ГҮЛБАҚЫТ МАНАБАЕВА, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары:

– Бұл – 98 жылға дейін зейнетке шыққан азаматтар, 2-ші категория – 98 жылдан кейін зейнетке шыққан азаматтар және 3-ші категория – 2038 жылдан кейін зейнетке шығатын азаматтар. Қазіргі мәселелердің бірі – бұл жасына байланысты зейнетақы мөлшерінің жылдан жылға азаюы. Себебі, 98-ші жылға дейінгі азаматтардың еңбек өтілі азайып келе жатыр.

Бұл мәселені әлеуметтік кодекс шешеді. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан 2027 жылға дейін базалық зейнетақының мөлшері біртіндеп ұлғайтылады. Яғни, минималды зейнетақының мөлшері биыл 54 пайыздан 70-ке дейін жоғарылады. Алдағы уақытта көрсеткіш 100-ден 120 пайызға дейін ұлғаяды. Бұл өзгерістер 98-ші жылдың 1 қаңтарына дейін және кейін зейнетке шыққан азаматтардың зейнетақысына оң әсер етеді. Сондай-ақ, жаңа әлеуметтік кодекске сай зейнетақы жүйесінде тағы да өзгерістер болады.

ГҮЛБАҚЫТ МАНАБАЕВА, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары:

– Жасы бойынша зейнетақыны есептеген кезде азаматтың табысы алынады. Сол табыс мөлшері заңға сәйкес 46 АЕК-тен аспау керек. Енді қаңтар айынан басталған өзгеріс бойынша 55 АЕК-ке көтерілді. Бұл өзгерістер біршама зейнетақы мөлшерінің өсуіне біршама септігін тигізді деп айтуға болады.

Әлеуметтік кодекс аясында енгізілетін тағы бір өзгеріс – 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушінің есебінен 10 пайыз көлемінде зейнетақы жарнасы алынады.

 

Самал Жунусова