Қоғам

Шал ақын ауданында Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі тойланды

Шал ақын ауданының орталығында Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті.
Мұнда “Қазақстан-бірлік пен береке елі” деген атаумен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Әншілер мен бишілер түрлі ұлт өкілдерінің билерін билеп, әндерін шырқады. Шығармашыл жандар аудан тұрғындарына мерекелік атмосфера сыйлады. Айта кетейік, елімізде 130-дан астам ұлт өкілі бар. Осы орайда Шал ақын ауданында 14 этномәдени орталық жұмыс істеуде.

 

Гульден Симбаева