Қазақстан жаңалықтары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарлары Акбаржон Исмаилов пен Аурика Дякты құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарлары Акбаржон Исмаилов пен Аурика Дякты құттықтады.

Мемлекет басшысы атап өткендей, бірлік пен тұрақтылықты сақтау біздің қоғам өмірінің барлық салаларында кешенді реформалар табысының басты шарты болып табылады. Оның айтуынша, Ассамблея бұл міндетті жүзеге асыруда ерекше рөл атқарады.

Президент барлық этникалық топтар өкілдерінің өзара түсіністігін нығайту үшін жаңа тәсілдер мен практикалық қадамдардың маңыздылығына назар аударды.

Кездесу соңында Президент ҚХА жұмысының маңызды бағыттарын белгіледі.

Ол сондай-ақ алдағы Ассамблея сессиясында идеологиялық және практикалық сипаттағы бірқатар маңызды мәселелер талқыланатынын хабарлады.