Қазақстан жаңалықтары

Мемлекет басшысы Ұлттық банктің төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық банктің төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады.

Мемлекет басшысы Ұлттық Банктің 2023 жылғы 1 тоқсандағы ақша-кредит саясатын іске асыру қорытындылары туралы есепті тыңдады.

Президент Қазақстанның экономикасы мен қаржы секторындағы ахуал, іскерлік белсенділіктің жақсаруы, депозиттік нарықтың серпіні туралы, сондай-ақ БЖЗҚ, Ұлттық қор және алтын-валюта резервтері активтерінің жай-күйінен хабардар болды. Ғалымжан Пірматов айлық және базалық инфляция реттеушінің бұрын ұсынылған болжамдарына сәйкес төмендегенін және қалыптасатынын хабарлады. Бұл ретте инфляциялық тәуекелдер әлі де жоғары болып қала береді, бұл ағымдағы ақша-кредит шарттарын сақтауды талап етеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жедел төлемдер жүйесін дамыту және цифрлық теңгені енгізуге дайындық туралы ақпарат ұсынылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы ақша-кредит саясатын тиімді іске асыруға бағытталған бірқатар міндеттер қойды.