ТКШ

“Қызылжар суда” өткен жылы атқарылған жұмыс қорытындыланды

Өткен жылы “Қызылжар су” серіктестігі 4 млрд теңгенің қызметін көрсеткен. Кәсіпорын арқылы 13 млн текше метрден астам су пайдалануға берілді. Тіршілік көзі 96,5 мың абоненке таратылған. Бұдан бөлек, 2022 жылы серіктестікте 334 млн теңгеге сумен жабдықтау және су жүйелеріне күрделі жөндеу жүргізілді. Атқарылған іс көлемі жоспардағыдан 1,6 млн теңгеге көп.

ЕРБОЛ НӘБИЕВ, “Қызылжар су” ЖШС бас инженері:

– 3 учаскеде су желілері ауыстырылды. Оның ұзындығы 5,3 шақырымды құрайды. Кәріз желілері бойынша жалпы ұзындығы 1 шақырым болатын 9 учаске ауыстырылды. Сондай-ақ, инвестициялық жобалар бойынша 1-ші көтеру станциясына сорғы жабдығын сатып алдық.

 

Алдияр Айтпаев