ТКШ

“Есіл су” филиалының жұмыс қорытындысы

«Нұра топтық су құбыры» кәсіпорнының «Есіл су» филиалы Солтүстік Қазақстан облысында 11 ауданындағы 229 елді мекенін және Қостанай облысында 2 ауданды сумен қамту бойынша қызмет көрсетеді. Жалпы алғанда, “Есіл су” қызметін 200 мыңға жуық адам пайдаланып отыр. Мамандардың айтуынша өткен жылы қызмет тиісті көлемде көрсетілді және сапасына қатысты айтар сын жоқ.

АЛМАС ХАСЕНОВ, «Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ РМК «Есіл су» филиалы директорының орынбасары:

– Қызмет көрсету көлемі 5123,3 мың текше метрді құрады. Судың жер беті көздерінен 9590,1 текше метр тіршілік нәрі алынды. Тиісті бұйрыққа сәйкес бізге 44,12% мөлшерде нормативтік-техникалық шығындар бекітілген. Өндіріс учаскелерінде электрмагнитті шығынөлшегіштер, турбиналық (механикалық) су өлшегіштер орнатылған. Тұтынушылардың нысандарына белгілі бір тәртіппен тексеріліп, жөнделіп отыратын 524 есептеу құралы орнатылған.

Кәсіпорында өткен жылдың қаржы-экономикалық көрсеткіштері бойынша айтарлықтай кіріс бар. Тариф сметасы толық көлемде – 109,6%-ға игерілген. “Есіл су” мамандары 2022 жылы амортизациялық аударым есебінен бірқатар жөндеу жұмысын жүргізген:
212 млн теңгеге сутартқыштар күрделі жөндеу көрген, 145 млн теңгеге жуық сомаға энергетикалық жабдықтар жетілдіріліпті, шамамен 94 млн теңгеге арнайы мақсаттағы автотракторлық техника сатылып алынған. Сонымен, амортизациялық аударымды пайдаланудың жалпы сомасы 500,7 млн теңгені құрап отыр. «Есіл су» филиалы директорының орынбасары Алмас Хасенов биылғы жоспарға да тоқталып өтті.

АЛМАС ХАСЕНОВ, «Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ РМК «Есіл су» филиалы директорының орынбасары:

– Су құбырларының тозу қарқыны мен су шығындарын төмендету мақсатында 330 млн теңгеге 24 шақырымдық су құбырын ауыстыру жоспарланып отыр. Осыған байланысты биыл бекітілген инвестициялық бағдарламаға қосымша іс-шаралар енгізу жайында өтінім бердік. Алдағы уақытта 131 млн теңгеге ғимараттар мен техникаларды жөндеу ойымызда бар. Биыл 500 млн-ға Булаев топтық су құбырында жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, Есіл топтық су құбырында – 200, Преснов топтық су құбырында 1 млрд теңгенің жөндеу жұмысы атқарылады.

Жиынға ревизиялық комиссия мүшелері қатысып, өз сұрақтарын қойды.

– А вы не хотите увеличить объемы?
– Мы сами проектируем, но на это все нужны финансы. Поэтому мы отрабатываем через комитет водных ресурсов, на бюджетную комиссию выносим наши предложения.

Кәсіпорын алдында биыл 499,1 млн теңгенің инвестициялық бағдарламасын орындау міндеті тұр. Сондай-ақ, сумен жабдықтау саласына қажет білікті инженер мен жұмысшы кадрларын дайындауға жәрдемдесу жоспарда бар.

 

Гульден Симбаева