Құқық қорғау органдары

СҚО-да 258 жанжалқой есепте тұр

Бұл – облыс орталығындағы жатақханалардың бірі. Әдетте, мұндай жерлерде тұратындардың дені – жанжалқұмарлар мен маскүнемдер. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары кезекті рейд өткізуде. Нәтижесінде мұнда 3 адам мас күйде ұсталды.

АЯН АСПАН, қалалық ПБ екінші полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы:

– Бұл іс-шараның барысында маскүнемдермен және отбасылық жанжалқойлармен жұмыс істелініп жатыр. Іс-шарада әр үйге келіп, тексеріп, отбасы жағдайын қарап, әр түрлі профилактикалық әңгімелесу шараларын жүргізіп жатырмыз.

Жыл басынан бері өңір полицейлері тәртібі нашар азаматтарға 860-тан астам қорғау нұсқамасын жазып берген. Сот тарапынан 233 құқық бұзушыға ерекше талап қойылған. Жалпы, облыс бойынша отбасына тиыштық бермейтін 258 адам арнайы есепте тұр. Оның 135-і бұған дейін әкімшілік қамаққа алынған.

 

Самал Жунусова