“102” мобильді қосымшасы – тұрғындар мен полицейлерді байланыстыратын көпір. Жыл басынан бері бұл жүйе арқылы петропавлдықтардан 38 өтініш келіп түсті. Жерлестеріміз жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері жайлы көп хабарлайды екен. Өйткені, көлікті жаяу жүргіншілер жолы мен ойын алаңдарына қойу жайттары тыйылмай тұр. Петропавлдықтардың арыз-шағымдары тыңғылықты тексерілгеннен кейін процессуалдық шешім қабылданады. Жалпы, “102” қосымшасы арқылы тұрғындар тәртіп сақшыларына қылмыс пен құқық бұзушылықтың мәтіндік сипаты мен фотосуретін, бейнежазба да жібере алады. Сондай-ақ, аудио немесе бейне қоңырау арқылы да байланыс орнатуға болады.
Алдияр Айтпаев