Қоғам

СҚО-ның ветеринар дәрігерлеріне арналған курс

Жыл сайын өңірде қаңғыбас ит-мысықтар көбейіп барады. Бұл әсіресе қожайындарының жауапсыздығының салдарынан болады. Далада қалған төртаяқтылар көп жағдайда қоғам үшін қауіпті екені айтпаса да түсінікті. Себебі, олар түрлі инфекциялық ауру тасымалдайды. Бұның алдын алу шараларының бірі – жануарларды стерильдеу. Осы орайда облыстың ветеринар дәрігерлеріне арнайы курс ұйымдастырылып отыр. Оның барысында ит-мысықтарға ота жасау әдісі жайлы баяндалды.

Курсқа өңір аудандарынан келген 25 ветеринар дәрігер қатысып жатыр. Ерхан Омаров Тимирязев ауданынан келіп отыр. Бұл салада еңбек етіп жүргеніне 8 жыл болыпты. Бұған дейін ит-мысықтарға ота жасаған екен. Курсқа білімін жетілдіру үшін қатысып жатырмын дейді.

ЕРХАН ОРМАНОВ, ветеринар дәрігер, Тимирязев ауданы:

– Қазіргі өтіп жатқан сабағымыз қаңғыбас ит-мысықтарды стерилизациялау. Себебі, олар адамдарға шабуыл жасап, тістеп алуы мүмкін. Кейін адамға құтыру сияқты, түрлі аурулар жұғады. Оларды болдырмау мақсатында иесіз ит-мысықтарды стерилизовать етеміз. Одан кейін олар адамды таламайды. Қазір қаңғырып жүрген иттер барлық ауылдарда кездеседі.

Теория сабағынан кейін мамандарға Андрей Исаковтың баспанасында зарарсыздандыру жұмысы тәжірибе жүзінде көрсетілді. Бұл – мысықтар мен иттерге арналған жекеменшік баспана. Зарарсыздандыру жұмысын білікті ветеринар дәрігер Ксения Шевелева жүргізді. Оның осы салада жұмыс істеп жүргеніне 7 жыл болыпты.

КСЕНИЯ ШЕВЕЛЁВА, «Исаковтың баспанасы» жануарлар үйінің ветеринар дәрігері:

– Зарарсыздандырудың бірнеше түрі бар. Ота жануарлардың аналығына жасалады. Кейбір мамандар жануардың тек жатырын немесе аналық жыныс безін ғана алып тастайды. Біз екеуін де аламыз. Негізінен, иттерде аналық жыныс безі қалып қойса, олар қиын соғуы мүмкін. Сол себепті, түбегейлі жойған дұрыс.

Клиникада Кузя есімді 6 айлық күшікке ота жасалды. Стерильдеу рәсімі алдында жануарға 12 сағат бойы тамақ берілген жоқ. Сосын вакциналау және құрттардан тазалау процесі жүргізілді. Ұйықтатын дәрі салынды. Ішке 1,5 сантиметрлік тілік жасалып, стерильдеу процесі жүргізілді. 1 сағат шамасында жасалған ота сәтті өтті.

– Ота барысы түсінікті. Анестезияның көмегімен жасалды. Күшік 1,5 сағаттан кейін есін жияды.

– Операцияны жергілікті хирург жүргізді. Білікті маман екендігі көрініп тұр. Стерильдеу процесін жақсы түсіндіріп берді.

Зарарсыздандыру процесінің ұзақтығы әр жануарда әр түрлі екен.

Мысықтарға 20-30 минут, 6 ай шамасындағы күшіктерге 40 минут бойы жасалады. Ірі ит болса, отаның уақыты ұзағырақ болады. Негізінен, мысықтарды 4-5 айынан, иттерді 5-6 айынан бастап стерильдеу керек екен. Қазіргі таңда “Исаковтың баспанасы” жануарлар үйінде 700-ге жуық төртаяқты бар. Айына 80-ге жуығына зарарсыздандыру жүргізіледі.

Курс соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

 

Самал Жунусова