ТКШ

“Тұрғын үй қатынастары туралы” заңына енгізілген түзетулер

Елімізде шілденің 1-інен пәтер иелерінің кооперативтері өз жұмысын тоқтатады. Енді олардың орнында мүлік иелерінің бірлестіктері мен жай серіктестіктер болады. Қазіргі уақытта қазақстандықтардың 97 пайызы МИБ-ге көшке. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде айтылды. «ТҮКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарушы Марғұлан Әбдікәрімов “Тұрғын үйлерді басқарудың жаңа үлгілері пысықтауды талап етеді”,- деп есептейді.

МАРҒҰЛАН ӘБДІКӘРІМОВ, «ТҮКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарушысы:

– Республикада пәтер саны 16-ға жететін 10 мыңға жуық шағын пәтерлі үй бар. Онда бір бастамашыл адам шұғыл жұмыстар үшін алымдарды жүзеге асырады. Бұл пәтерлердің аз болуына байланысты заңды тұлғаның қызметіне қосымша шығын әкеледі. Сондықтан, осындай баспаналардың МИБ-ке көшуі тиімсіз екеніне көзіміз жетті. Басқарудың жаңа үлгісінің орнына меншік иелерінің тікелей бірлескен басқаруы ұсынылды.

Мұндай норма заңда 2019 жылға дейін болған. Марғұлан Әбдікәрімов ПИК-тен МИБ-ке көшуге ешкім тыйым салмайтынын атап өтті. Сарапшы көпқабатты үйлерде мүлік иесі бірлестігінің төрағасын сайлау да қиынға соғады дейді. Жиналыстағы қаржы мәселелерін шешу де түйткілге айналуы мүмкін.

МАРҒҰЛАН ӘБДІКӘРІМОВ, «ТҮКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарушысы:

– Қолданыстағы «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына сәйкес жиналысқа көппәтерлі үй тұрғындарының 2/3 бөлігі қатысуы керек. Яғни, егер үй 100 пәтерлі болса, онда жиналысқа кем дегенде 67 тұрғын қатысып, қаржыға қатысты өз пікірін білдіруі керек. Заңда бұл кворумды азайту ұсынылды. Қаржы мәселесін шешу үшін жиналысқа нысан тұрғындарының 51 пайызы келіп, дауыс берсе жеткілікті.

Сонымен қатар, жиында көппәтерлі тұрғын үйлердегі паркингтер жайлы да айтылды. Бүгінде тұрақ орындарының иелері паркингте көлік жуады екен. Бұл көппәтерлі тұрғын үй паркингін ұстаудың нормаларына сәйкес келмейді. Осыған байланысты кондоминимумның немесе паркингтегі тұрақтың фунционалдық мақсатын өзгертуге заң жүзінде тыйым салынды.

 

Самал Жунусова