Қоғам

Наурыз мейрамының Шал ақын ауданында тойлануы

Шал ақын ауданында да Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтілуде. Сергеевка қаласының орталық алаңында киіз үйлер бой көтерді. Қалаған жан ішіне кіріп, дәмді тағамнан ауыз тиді. Сондай-ақ, елді мекен халқы үшін театрландырылған бағдарлама мен мерекелік концерт дайындалды. Кішкентай тұрғындар да назардан тыс қалған жоқ. Балаларға арналып түрлі ойындар мен спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Жалпы, мерекелік атмосфераға бөленген Шал ақын тұрғындары бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтап, ән шырқады, би биледі.

 

Самал Жунусова