Сайлау

Сайлау учаскелері жабылды

13 сағатқа созылған Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау өз мәресіне жетті. Яғни, ел бойынша барлық дауыс беру учаскелері жабылды. Естеріңізге сала кетейік, бүгін өңір аумағында 631 учаске жұмыс істеді. Міне, жәшік ашылар сәт те келіп жетті. Комиссия мүшелері бюллетеньдерді үстелге төгіп, оларды санап жатыр.

Валентина Кульжанова, №581 сайлау учаскесінің төрағасы:

– Біздің учаскеде 1717 адам тіркелген. Олардың 410-ы дауыс берді. Келгендердің көбі – егде жастағы адамдар. Бюллетеньдерді санап болған соң протокол дайындаймыз. Сол протоколдар бюллетеньдермен бірге қалалық және облыстық сайлау комиссияларына жіберіледі.

 

Самал Жунусова