Қоғам

Өңірдегі архивтерге – 100 жыл

Бұл – облыстық архивтің қала бойынша адам құрамы жөніндегі филиалында қанат жайған көрме. Мұнда уақыт табымен сарғыш тартса да әлі күнге дейін құнды болып саналатын құжаттар көп. Өңірде Ұлы Отан соғысы жылдары болған балалар үйінің тәрбиеленушілері жайлы дерек бар. Сол уақытта жоғалып, балалар үйіне түскен ұл-қыздарды іздеген жандардың хаттары да сақтаулы. Мәселен, мына хат сонау 1959 жылы жазылған. Ұлы Отан соғысы кезінде Люся атты нәзікжанды інісін жоғалтып алыпты. Оны табу үшін балалар үйіне көзге жас ұялататындай хат жазған екен. Осы сипаттағы құжаттар филиал қорында жетерлік.

АЙГҮЛ ШОПАНОВА, СҚ мемлекеттік архиві Петропавл қаласының адам құрамы жөніндегі филиалының архивисі:

– Ұлы Отан соғысы кезінде және одан кейінгі жылдары болған балалар үйінің құжаттарын бізге 2007 жылы білім департаменті өткізді. Барлығы 670-тен астам құжат бар. Сол кездегі тәрбиеленушілердің жеке деректері сақтаулы тұр. Соғыс жылдары тұсындағы балалардың көбі вокзалдарда жүрген екен. Кейін олардың барлығы балалар үйіне жіберіліп отырыпты. Ресейден әкелінгендер де болған.

Облыстық архивтің қала бойынша адам құрамы жөніндегі филиалы ликвидацияланған, яғни жабылып қалған ұйымдардың құжаттарын қабылдайды. Қазіргі уақытта сөрелерге 138 мың құжат жайғастырылған. Онда түрлі бұйрықтар мен қызметшілердің жеке деректері қамтылған. Айта кетсек, құжаттар 75 жыл бойы сақталады, сосын жойылады.

ГҮЛИЯ ИЩАНОВА, СҚ мемлекеттік архиві Петропавл қаласының адам құрамы жөніндегі филиалының архивисі:

– Біздің ең үлкен қорлар – ет комбинаты, медициналық колледж, құрылыс колледжі, «Динамо» фабрикасының құжаттары. Жалпы, 605 қор бар.

Оған қоса, филиал мамандарының көмегіне зейнетке шыққалы жүрген жандар жүгінеді.

ГҮЛИЯ ИЩАНОВА, СҚ мемлекеттік архиві Петропавл қаласының адам құрамы жөніндегі филиалының архивисі:

– Керек мәліметтерді алу үшін зейнетке шыққан адамдар жүгіне алады. 03,09\ Жүгінетін адамдар жетерлік. Шет елден жүгінетіндер де бар.

Биыл өңірдегі архив жүйесіне 100 жыл толып отыр. Облыста жергілікті мемлекеттік архивтің 14 филиалы бар. 13-і аудандарда орналасқан. Облыстық архивтің директоры Сәуле Мәлікованың айтуынша, қазір барлық құжаттарды цифрландыру жұмысы жүріп жатыр.

СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры:

– Цифрландыру бүгінгі күні жүріп жатыр. Бізде 1 млн 800 мыңға жуық қағазымыз бар. Соның 4 пайызын сандық форматқа көшірдік. Бұл – респбулика бойынша жақсы көрсеткіш. Жалпы, құжаттарымыздың 1 бөлігі өте құнды. Солардың 12 пайызын сандық форматқа көшірдік.

Архив қоймалары қазір құжатқа 100 пайызға толып тұр. Осы орайда жаңа қойма қарастырылып қойылған.

 

Самал Жунусова