Мәдениет

Қожаберген жыраудың дүниеге келгеніне – 360 жыл

Солтүстіктің тумасы, батыр, жырау Қожаберген Толыбайұлының туғанына – 360 жыл. Осыған орай облыстық кітапханада «Қожаберген жырау – аты әйгілі ірі тұлға» атты конференция ұйымдастырылды. Шараға жиналған жұрт біртуар тұлғаның шығармашылығындағы ұлттық құндылықтарды атап өтуде. Бүгінгі басқосудың басты қонағы – бабамыздың ұрпағы Балта Тырқаев.

БАЛТА ТЫРҚАЕВ, Қожаберген жыраудың ұрпағы:

– Толыбайдың Қарабас деген баласы болған. Біз сол Қарабас деген кісіден тараймыз. Ал Қожаберген – сол кісінің туған інісі. Қожабергеннің ұрапақтары Ресейде тұрады. Ол кісі тарихта ізі қалған. Керемет дастандарды тастап кеткен. Естігенім бойынша, біздің үйде оның қолжазбаларын жасырып ұстаған. Үйіміз өртеніп, біраз мәліметтер күйіп кеткен.

Қожаберген араб, парсы тілдерін жетік білген. Сондай-ақ, шежіреші болған. Ол қазақ халқының шығу тарихын жырға қосып, «Ата-тек» деген дастан жазған. Елдегі қайғы-қасірет пен қуанышты да күйдің тілімен жеткізген. Көпшілік білмеуі мүмкін, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері “Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұламаны” жыр тіліне көшірген.

ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ, жазушы:

–  “Жеті жарғының” авторы. Ұзақ жылдардан бері ақсақалдарымыз, ағаларымыз зерттеп келді. Қожабергеннің ең үлкен жинағы – “Елім-ай жыры”. Онда жоңғарлардың шапқыншылығы туралы баяндалады.

Жиын соңында шараға жиналғандар Қожаберген Толыбайұлына арналған кітап көрмесімен танысты.

 

Гульден Симбаева