Құқық қорғау органдары

Қызылжар ауданының қос тұрғыны заңсыз мылтық сақтаған

Қызылжар ауданының қос тұрғынына 69 мың теңгеден айыппұл салынды.
57 және 60 жастағы азаматтар «ИЖ» және «ТОЗ» маркалы мылтықтарды заңсыз сақтап келген. Екеуінің де айтуынша, қару әкелерінен қалған. Полиция қызметкерлері жақынынан қалған қаруды естелік ретінде сақтауға болмайды дейді. Оны міндетті түрде тәртіп сақшыларына өткізу керек немесе тиісті түрде рәсімдеу қажет. Әйтпесе, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-ші бабы бойынша 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Мамандар “Қару” жедел-алдын алу шарасы аясында 10 күн ішінде заңсыз айналымнан 27 қару мен 160-қа жуық оқ-дәрі тәркіледі.

 

Гульден Симбаева