Қоғам

Бірнеше мәрте пара алған

Облыста пара ретінде 300 литр жанармай берген мемлекеттік мекеме басшысына 2 млн теңге айыппұл салынды. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бұрынғы басшысы Алмаз Қошманов аудиторлық тексеріс барысында анықталған деректерді жасыру үшін осындай әрекетке барған. Тексеру комиссиясының мүшесі Кенжебаев А92 маркілі жанармай талондарының басым бөлігін жұмсап үлгерген. Жемқорлыққа қарсы қызмет оның осы схема бойынша бірнеше рет «олжалы» болғанын дәлелдеді. Айыртау аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшылығынан да 2,5 млн теңге сыйақы алғаны анықталды. Парақор 7 жылға бас бостандығынан айырылды және өмір бойы мемлекеттік қызметте еңбек ете алмайды.

АЙДОС ЖҮНІСОВ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:

– Қошманов бұл келісімге келгеннен кейін пара ретінде берілетін 300 литр бензинді өз қалтасынан төлемей, басқармаға бөлінген 400 литр талонын алып, 300 литрін жаңағы ревизиялық комиссияның мүшесі Кенжебаевқа береді. 100 литрін өз қажеттілігіне жұмсайды.