Қоғам

Өңірлердің маусымаралық көкөністермен қамтылуы талқыланды

Үкімет кеңесінде өңірлерде негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша атқарылған жұмыс қорытындыланды. Жиын сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өтті. Өткен аптада елімізде қант, қарақұмық, тауық, сүт пен пияздың құны төмендеген. Ал қырыққабат, күріш пен айран керісінше қымбаттаған. Сәбіз бен күнбағыс майының бағасы әзірге тұрақты. Сауда комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әбілдабековтың айтуынша, көкөністердің, атап айтқанда, қырыққабат бағасының көтерілу себебі – өнімнің нарыққа аз шығарылуы. Себебі, көптеген өңірде көкөніс қорларының жетіспеушілігі байқалады.

Серік Жұманғарин: ҚР Сауда және интеграция министрі:

– Өткен аптада мен қалыптасқан қорлардан көкөністердің максималды көлемін сауда орындарына жіберуді тапсырдым. Мұны жасаған өңірлерде баға мүлде көтерілмеген. Күтудің қажеті жоқ, сәуір айында егін жиналады. Жақында біз сауда желілерімен кеңес өткіздік, сату бойынша олар қолдау көрсетеді. Келесі аптада оң нәтиже көру үшін тауар интервенцияларын барынша күшейтуді тапсырамын.

 

Самал Жунусова