Спорт

“Қызылжар” ФК кезекті ойында жеңіске жетті

“Қызылжар” кезекті ойында жеңіске жетті! Бұл жолы петропавлдық ұжым футболдан бастау алған ел біріншілігінің екінші туры аясында Атакенттің “Мақтаарал” командасын тізе бүктірді. Павлодарда өткен матчтағы жалғыз голды 26-шы минутта Максим Чиканчи соқты. Айып алаңына асырылған допты баспен ұрған шабуылшы қарсыластың қос қорғаушысы мен қақпашысын қапы қалдырды. Әзірге, солтүстікқазақстандық команда – чемпионаттағы гол жібермеген жалғыз клуб. 2 жеңістен кейін турнирлік кестеде 5-ші сатыда тұр. Ендігі қарсылас – көкшетаулық “Оқжетпес”. Солтүстіктің дербиі саналатын кездесу наурыздың 15-і күні Астанада өтеді.

 

Байболат Култанов