СҚО әкімдігіАптадағы маңызды жаңалықтар

Апараттық кеңесте өзекті мәселелер қаралды

Облыстық әкімдікте өңір басшысы Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Биылға жоспарланған мемлекеттік сатып алулардың 85% орындалып, қазір ол бойынша тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. Десек те, жарияланбаған конкурстар бойынша фактілер бар. Ең ірі сома жолдарды орташа жөндеуге қатысты.

ЖАНАР МҰСАҚҰЛОВА, СҚО МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

– Веб-портал деректеріне сәйкес, мемлекеттік сатып алуды жүргізуге 151,8 млрд теңге бағытталды. Оның ішінде: 71,3 млрд теңге сомасына 87 ауыспалы жоба немесе 50%. Оған мемлекеттік сатып алуды өткізу талап етілмейді. 151,8 млрд теңгенің 16,1 млрд теңге сомасына жұмыстар – 92 млрд теңге. Қызметтер – 43,8 млрд теңгеге сатып алу керек. Ағымдағы жылдың 6 наурыздағы жағдай бойынша 93,7 млрд теңге немесе 62% сомаға сатып алу аяқталды. 67,5 млрд теңгенің сомасына шарттар жасалды. 34,5 млрд теңге немесе 23% сомаға сатып алулар жұмыс барысында.

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров бюджетті дер кезінде толықтырып, мемлекеттік сатып алуды 1 сәуірге дейін өткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

– Тек емханалар бойынша ғана емес, сумен қамтамасыз етуге, жолға, құрылысқа, әлеуметтік нысандарға да қатысты конкурсты бақылауға алу қажет. Алдағы уақытта балабақшалардың құрылысын бастаймыз. Жеңімпазды жариялағаннан кейін бірден 5 күн ішінде келісім-шарт жасасу керек. Егер жосықсыз мердігер болса, келісім-шарттың күшін жою керек.

Өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақты болуы үшін ветеринарлық қызмет кешенді іс-шараларды қолға алған. Биыл төрт түлік пен құсқа түрлі ауруға қарсы 5 млн-нан астам екпе егілмек. Ветеринария саласында кадр жетіспеушілігі мәселесі өзекті, 70 қызметкердің орны бос тұр. Сондықтан, мектеп оқушылары арасында кәсіби бағдар беру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп жатыр. Ал СҚО мен Ресей шекарасында 4 ветеринарлық-бақылау бекеті орналасқан.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

– Басқа облыстан малдар әкелініп жатыр. Соны дұрыстап бақылауда ұстау керек. Бүкіл аудан әкімдері тыңдап отыр. Тағы да өздеріңіз жұмыс жүргізу керек. Басқа облыстан, басқа мемлекеттен әкелінген малды карантинге қойып, тексеріп алып, нәтижесін білгеннен кейін ғана есепке алу керек.

Осы жылдың 2 айында 800-ден астам автокөлік, мың бастан астам мал және 900-ге жуық құс тексерілді. Нәтижесінде құқық бұзушылықтың 11 дерегі анықталды. 11 көлік Ресей аумағына қайтарылды.

МАРАТ ИБРАЕВ, ВЕТЕРИНАРЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ КОМИТЕТІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

– Жалпы, 31 нұсқама жазылып, оның 28-і орындалды. 1 млн теңгеден астам сомаға 37 айыппұл салынды, 87%-ы өндірілді.

Облыс әкімі ауыл шаруашылығы өнімінің сапасын бақылауда ұстауды тапсырды. Жиын соңында өңір басшысы ветеринарлық қызметке аса қауіпті аурулардың алдын алу үшін профилактикалық іс-шараларды уақытында және сапалы өткізуге тапсырма берді. Сондай-ақ, облыс аумағына әкелінетін мал да бақылауда болуы тиіс.