Экология

Уәлиханов ауданында мұз жару жұмыстары жүргізілді

Уәлиханов ауданында мұз жару жұмыстары жүргізілді. Бұл – су тасқынының алдын алу мақсатында жылда атқарылатын шара. Іске аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен “КӨКШЕ-БУР” серіктестігінің мамандары тартылды. Сілеті өзенінің Құлыкөл ауылы тұсында 4 учаскеде мұз жарылған. Жалпы аумақ мың шаршы метрді құрады. Барлығы – “Петроген” атты 140 келі жарылғыш зат жұмсалған.

 

Самал Жунусова