Білім

Болашақ заңгерлер полиция департаментінің жұмысымен танысты

Жедел-криминалистикалық басқарманың полигоны экскурсия алаңына айналды. Мұнда нақты заттар мұражайы, практикалық сабақтарға арналған экспонаттар бар. Ормандағы және кеңседегі қылмыс орындары көрсетілген. Студенттер криминалистердің практикалық дағдыларды қандай макеттерде қолданатынын өз көздерімен көрді.

Тәжірибелі криминалист Александр Хлевов университеттің 3-ші курс студенттеріне қару-жарақ жинағын таныстырды. Аяқ киім мен бұзу құралдарының іздері, биологиялық және одорологиялық іздер сияқты жұмыс істейтін бағыттар туралы айтты.

Диляра Қожантаева, студент:

– Бүгінгі экскурсия криминалистика саласында өтті. Біз бүгін тергеу кабинетінде экскурсияны көрдік. Бізге өте көп мағлұмат берді. Бәрін түсіндіріп айтып берді.

Сонымен қатар, студенттер тергеуші Кәмила Дәулетбаеваның кабинетінде болды. Полиция аға лейтенанты ертеңгі заңгерлердің қылмыстық іс жүргізу туралы сұрақтарына электронды форматта, қызметтің ерекшеліктері туралы жауап берді.

Жеңіс Темірбеков, СҚО ПД анықтау басқармасы бастығының орынбасары:

– СҚО полицейлері «Тергеушіге жол» эстафетасы аясында СҚУ студенттерімен жұмыс атқаруда. Криминалистер полигондағы сабақтарда полицейлердің қылмыс орнында дәлелдемелерді жинау, мотивациялық бейнероликтерді түсіру бойынша қалай жұмыс істейтінін білуге болады.

Бұл шара болашақ мамандарды ішкі істер органдарында қызмет етуге ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған.