Сайлау

Сайлаудың маңыздылығы

Еліміздің ертеңі қандай болмақ? Халықтың тұрмысы жақсара ма? Бұл сұрақтар кез келген жанды мазалайтыны сөзсіз. Қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Владимир Козлов көптің көкейіндегі сауалдарға алдағы сайлау арқылы жауап беру қажет деп санайды. Ол тұрғындардың бәрін наурыздың 19-шы жұлдызына бекітілген саяси додаға қатысуға шақырады.

ВЛАДИМИР КОЗЛОВ, қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы:

–  Қазіргі таңда қала көшелерінде баннерлер орнатылған. Интернет арқылы да кандидаттармен жақынырақ танысуға болады. Көңілден шыққан үміткерге дауыс береміз. Біз сайлау науқанына зор жауапкершілікпен қарауымыз керек. Өйткені, бұл – жарқын келешегіміздің кепілі.

Арнамызға берген сұхбатында азамат бірқатар шешілуі тиіс мәселеге де тоқталды: жол жағдайы, жылу электр орталығының келешегі.

ВЛАДИМИР КОЗЛОВ, қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы:

– Өңірімізге газ жеткізілсе дейміз. Бұл жылу электр орталығының жұмысын, барлық ауыл және қала тұрғындарының тұрмысын жеңілдетер еді. Экологиямыз әжептеуір жақсарып, ағаш шығыны да азаяр еді.

Естеріңізге сала кетейік, алдағы сайлауда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 300 мыңнан астам тұрғын дауыс бере алады. Ал кандидаттардың саны – 556.

 

Алдияр Айтпаев