Қоғам

Облыс әкімі соғыс ардагері Валентина Волкодавты мерекемен құттықтады

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров Ұлы Отан соғысының ардагері Валентина Волкодавты көктемнің шуақты мерекесі – 8 Наурызбен құттықтап барды. Валентина Архиповна 101-ге келіп отыр. 19 жасында соғысқа қатысқан. Белорустық және Украиндық ұрыс кезінде өткел, көпір салумен айналысатын жасақ құрамында қызмет етіпті. Валентина Архиповна соғыста Еділ өзенінен Берлинге дейін жеткен. “Берлинді алғаны үшін”, “Варшаваны азат еткені үшін”, “Белоруссияны азат еткені үшін” медальдары мен II дәрежелі “Ұлы Отан соғысы” орденінің иегері.