Спорт

Америкадан жеткен ақжолтай хабар

Америкадан жеткен ақжолтай хабар! Наурыздың 1-і мен 8-і күндері аралығында АҚШ-та парабиатлон мен парашаңғыдан Әлем Кубогының соңғы кезеңі өтті. Сайыста 16 елдің үздіктері бақ сынады. Дүбірлі додада солтүстікқазақстандық “Үміт” спорт клубының спортшылары Ербол Хамитов пен Александр Герлиц сәтті өнер көрсетті. Олар Қазақстан қоржынына күміс және қола медаль салды.

 

Байболат Култанов