ТЖ

8 ауданда көлік қозғалысына шектеу қойылды

Қыс кетуге асығар емес. Бүгін өңірде боран соғып, қар жауды. Жел де соғып тұр. Ауа райының қолайсыздығына байланысты облыс жолдарының кейбір учаскелерінде шектеу шаралары енгізілді. Дәлірек айтсақ, облыстық және республикалық маңызы бар 8 трассада жүруге тыйым салынып, жолдар жабылды. Облысымыздың 8 ауданындағы барлық бағыттағы жолдар да жабық. Осы ретте ТЖД мамандары жерлестерімізден жол жүруді кейінге қалдырып, айтылған ескертуді елеусіз қалдырмауларын сұрайды.

ВЛАДИМИР ХУТИНАЕВ, СҚО ТЖД дағдарыс жағдайлары басқармасының бастығы:

– Тәулік бойы жол қызметінің 1403 телефон нөмірі жұмыс істейді. Кез келген жерлесіміз сол арқылы белгілі бір жолдардың жағдайы бойынша мағлұмат ала алады. Сондай-ақ, трассалардағы ахуалды білуге мүмкіндік бар. Қазіргі таңда шектеу енгізілген жолдарда техникалар жұмыс істеп жатыр. Қазгидромет мамандарының болжауынша қолайсыз ауа райы ертең де сақталады.

 

Алдияр Айтпаев